ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУА 4 АЙДА 400 МЫҢ ТЕҢГЕ ПАЙДА ТАПҚАН

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУА 4 АЙДА 400 МЫҢ ТЕҢГЕ ПАЙДА ТАПҚАН

64 просмотров

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУА 4 АЙДА 400 МЫҢ ТЕҢГЕ ПАЙДА ТАПҚАН

Түркістан облысы Жетісай ауданы Ералиев ауылдық округіне қарасты Үтіртөбе ауылының тұрғыны төрт айда төрт түрлі құс өсіріп төрт жүз мың теңге пайда тапқан. Ауыл тұрғыны Жаманқараев Серік Бердіқұлұлы өз қаржысына үй құстарын өсіріп көл-көсір пайда тауып келеді.

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУА 4 АЙДА 400 МЫҢ ТЕҢГЕ ПАЙДА ТАПҚАН


«Алғашында жиырма қазды бағып өсірдім. Қаздар үлкейіп сатқан шақта біршама қаржы болды. Жұбайыммен ақылдаса келе өзгеде құстарды асырауды қолға алдым. Қазіргі таңда үйрек, қаз, тауық, үндік, сынды бес жүзден астам үй құстарын өсіріп келемін. Әр жұмыстың өзіне жарасымды машақаты болады. Шаршамай еңбек етсең үй құстары өзегіңді талдырмайды. Алдағы уақытта мақсатым шарушылығымдағы құстар санын он мың данаға жеткізіп, шаруашылық жұмыстарына ұлымды баулу», — дейді Серік Бердіқұлұлы.

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУА 4 АЙДА 400 МЫҢ ТЕҢГЕ ПАЙДА ТАПҚАН

Қосымша ақпарат ретінде айта кететін болсақ. Жоғарыда аталған үй құстары базарларда орта есеппен 5-8 мың теңге аралығында саудаланып келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *