Түркістан ЖПб-нің жеке құрамы мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылады

Түркістан ЖПб-нің жеке құрамы мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылады

53 просмотров

Түркістан ЖПб-нің жеке құрамы мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылады

Көліктегі Полиция Департаменті Түркістан станциясындағы ЖПб бастығы полиция полковнигі Қансейітов Шаяхмет Жұмабекұлы жеке құраммен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылады.

 Жиынды ашқан бөлім бастығы Мемлекет басшысының Жолдауы әр полиция қызметкері үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. Тәртіп сақшылары күн сайын халықпен тікелей жұмыс жүргізіп, тығыз қарым-қатынаста болады. Сондықтан әр офицер мен сержант маңызды құжаттың мазмұнын жақсы білуі қажет. Жолдаудың негізгі бағыттарына бөлім бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция майоры Д.Орынбаев тоқталды. Бөлім бастығы қызметкерлерге жұмыс барысында ашықтық пен айқындықты нығайтуды тапсырды. Мемлекет басшысы «Күш құрылымы саналатын полицияның келбеті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларға қызмет көрсететін орган болады», — деп атап өткен болатын.

«Халықпен тығыз жұмыс жүргізуді жалғастыру қажет. Азаматтардың арыз-шағымдарына уақтылы шаралар қабылдау – бүгінгі полицияға қойлған басты талап», — деді өз сөзінде бөлім бастығы Шаяхмет Жұмабекұлы.
               

Дастан Шералыұлы,    

Түркістан ст.ЖПб бастығының орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *