ТҮРКІСТАНДАҒЫ ӘСКЕРИЛЕР ҮЙЛЕРІНЕ ҚАЙТТЫ

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ӘСКЕРИЛЕР ҮЙЛЕРІНЕ ҚАЙТТЫ

97 просмотров

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ӘСКЕРИЛЕР ҮЙЛЕРІНЕ ҚАЙТТЫ

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов бір айдан астам уақыт рухани шаһарға жұмылдырылған 150-ге тарта әскери қызметшіге алғыс хат табыстап, салтанатты түрде шығарып салды.

Осы жылдың 16 наурызынан бастап елімізде төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. Ал, 2 сәуірден бері үйлерінен жыраққа кетіп, Түркістанда індет таралуының алдын алу бойынша бар күш-жігерлерін жұмсаған азаматтар қала тұрғындарының есінде қалары сөзсіз. Ендігі Шымкент горнизонының №35748 әскери бөлімінің қызметкерлері өз бөлімдеріне барып, қызметтерін жалғастыратын болады.

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ӘСКЕРИЛЕР ҮЙЛЕРІНЕ ҚАЙТТЫ

Қала әкімі: «Қырағылық пен қайсырлық танытып, алдыңғы қатардан көрініп, қандай жағдайда да әзір болған Сіздердей азаматтарды мақтан тұтамыз!
Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, ашық аспан және Отанымыз — Қазақстан Республикасының игілігі үшін қызметтеріңізде табыс тілеймін!
Түркістанмен бірге болғандарыңыз үшін рақмет!», — деген алғысын білдірді.

Еліміздегі сынсағатта бізге қажеті — темірдей тәртіп пен мықты қорғаныс болды. Әскерилер осындай уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, пандемияның таралмауы үшін таң атқаннан кеш батқанға дейін мүлтіксіз қызмет етті.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, Қарулы Күштер — қауіпсіздіктің басты кепілі, еліміздің егемендігі, бейбітшілігі мен тыныштығының берік қорғаны болып қала береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *