Түркістандағы бірқатар мектептерге ұлы тұлғалардың есімі берілді

Түркістандағы бірқатар мектептерге ұлы тұлғалардың есімі берілді

258 просмотров

Түркістандағы бірқатар мектептерге ұлы тұлғалардың есімі берілді

Түркістан қаласындағы №19 жалпы орта мектебіне Төле бидің бабамыздың, №14 жалпы орта мектебіне Қазыбек би, №26 жалпы орта мектебіне Әйтеке би бабаларымыздың есімдері берілді деп жазды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Амалбек Өміртай.

Сонымен қатар рухани шаһардағы №24 жалпы орта мектебі Мұстафа Шоқайдың, №23 IT-мектеп-лицейі Жұмабек Ташеневтің, №21 жалпы орта мектебі Мырзахан Пошановтың, №22 жалпы орта мектебі Бауыржан Момышұлының, №27 IT-мектебі Өзбекәлі Жәнібеков сынды тау тұлғалардың есімдерімен аталатын болады.

Сондай-ақ, өңір бойынша Жетісай ауданындағы №54 жалпы орта мектебіне Ілияс Есенберлиннің, №8 жалпы орта мектебіне Алпамыс батырдың, №62 жалпы орта мектебіне Кенесары ханның, №28 жалпы орта мектебіне Хиуаз Доспанованың, Ордабасы ауданы «Батсу» жалпы орта мектебі мен Келес ауданы №33 «Жуантөбе» жалпы орта мектебіне Сағадат Нұрмағамбетовтың есімдері берілді.

2 thoughts on “Түркістандағы бірқатар мектептерге ұлы тұлғалардың есімі берілді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *