ТҮРКІСТАНДАҒЫ КӨНЕ МЕШІТ ЖЕРТӨЛЕСІНЕН ӨТКЕН ҒАСЫРҒА ТИЕСІЛІ ҚҰРАННЫҢ АУДИО НҰСҚАСЫ ТАБЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДАҒЫ КӨНЕ МЕШІТ ЖЕРТӨЛЕСІНЕН ӨТКЕН ҒАСЫРҒА ТИЕСІЛІ ҚҰРАННЫҢ АУДИО НҰСҚАСЫ ТАБЫЛДЫ

598 просмотров

ТҮРКІСТАНДАҒЫ КӨНЕ МЕШІТ ЖЕРТӨЛЕСІНЕН ӨТКЕН ҒАСЫРҒА ТИЕСІЛІ ҚҰРАННЫҢ АУДИО НҰСҚАСЫ ТАБЫЛДЫ

Түркістанда бұзылған мешіт жертөлесінен құран аяттары жазылған күйтабақтар табылды. Табылған пластинкалар 1989-1990 жылға тиесілі. Бір қызығы шығарылғанына 30 жылдан асса да сол қалпында сақталған. Құнды жәдігердің қашан, қалай келгендігін ешкім білмейді.

ТҮРКІСТАНДАҒЫ КӨНЕ МЕШІТ ЖЕРТӨЛЕСІНЕН ӨТКЕН ҒАСЫРҒА ТИЕСІЛІ ҚҰРАННЫҢ АУДИО НҰСҚАСЫ ТАБЫЛДЫ

Айтып өтейік, ақпанның 15 жұлдызынан бастап рухани шаһардағы Бекзат Саттарханов даңғылы бойында орналасқан «Хилует» мешітін бұзу жұмыстары басталған болатын. Аталмыш мешіттің наиб имамы Мұхамеджан Джумадуллаевтың айтуынша ғибадат жасайтын орталық 1856-1958 жылдары бой көтерген. Ал, 1982-1984 жылдары қайта салынған екен. Бүгінгі таңда жаңа кейіпке енгелі отыр. Екі ғасырға жуық тарихы бар «Алла үйі» алғашында «Хан» мешіті деп аталса, халық арасында «Жұма» мешіті деген атаумен де аталып кеткен. Себебі, көне қаладағы жұма намазын оқитын бірден бір құлшылық орны болған.  

ТҮРКІСТАНДАҒЫ КӨНЕ МЕШІТ ЖЕРТӨЛЕСІНЕН ӨТКЕН ҒАСЫРҒА ТИЕСІЛІ ҚҰРАННЫҢ АУДИО НҰСҚАСЫ ТАБЫЛДЫ

Ескірген имандылық ордасын бұзу барысында дін өкілдері «Миғрабты» яғни парыз намазында имам алдыңғы шебке шығатын орынды мұртын бұзбай алып қалуға тырысуда. Өйткені еліміздегі көне 20 мешіттің қатарына енетін орынды келер ұрпаққа көрсетуді қалайды. Бұл ретте имамдар қала, облыс әкімдігіне өз ұсыныстарын жеткізіпті. Егер қолдау тапса «Миғраб» бұзылмай, қайта екі бөлмелі мұражайға айналады. Онда өткенен сыр шертетін жәдігерлермен кітаптар қойылмақ. Ал, әзірге табылған күйтабақтар облыс орталығындағы музейдің біріне табысталады.    

ТҮРКІСТАНДАҒЫ КӨНЕ МЕШІТ ЖЕРТӨЛЕСІНЕН ӨТКЕН ҒАСЫРҒА ТИЕСІЛІ ҚҰРАННЫҢ АУДИО НҰСҚАСЫ ТАБЫЛДЫ

Негізінен мешітті бұзып қайта салу туралы имамдар бірнеше рет облыс және қала әкімдігіне ұсыныс білдіріп, хат жолдаған. Көмескі тартқан көне ғимараттың орнына қала халқы біршама уақыттан бері заманауи мешіт-медресе комплексін салу керектігі жөнінде мәселе көтеріп келген. Қала басшысының сөзіне сүйенсек, қала имамы Жүсіпбек Қасымбековпен келісімнің нәтижесінде мешітті Түркия инвесторы келіп салатын болады. Негізгі қаражат көзі инвестор, жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер де игі іске үн қосуға жұмыла атсалыспақ. Қазіргі таңда мешітті орнынан сүру жұмыстары аяқталуға жақын. Жоспарға сай күз мезгіліне дейін жаңарған, жаңғырған мешіт ел игілі үшін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Айта кетейік, рухани шаһарда 32 мешіт, 12 намазхана бар.

Орынбек ҚАСЫМБЕКОВ,

«Аймақ».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *