ТҮРКІСТАНДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ?

ТҮРКІСТАНДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ?

25 просмотров

ТҮРКІСТАНДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ?

Биыл пандемияға байланысты Түркістан қаласындағы  мектептерде жөндеу жұмыстары ерте басталды. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары Қ.Сәтбаев, №21, №24, С.Рахимов мектептерінде толық аяқталған. Атап айтқанда 4 мектепте кәріз жүйесінің құбырлары, әжетханалардың санитарлық құрылғылары ауыстырылған. Ал С.Рахимов мектебінің қабырғалары жаңартылып, едендер, спорт залында терезелер ауыстырылып, ағаш есіктер орнатылған. Бүгінгі таңға 17 мекемеде 90 пайыз ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылғандығын жеткізді.

С.Ерубаев атындағы мектеп интернатында 53 есік ауыстыру, қоршау орнату, қабырғаларды сырлау — 40%, әжетханаларды қалпына келтіру, су-кәріз жүйесін жүргізу жұмыстары, Некрасов атындағы мектеп гимназия А, В, Г блоктарының фасадтарын қырып-сылау, едендерді сырлау, есік ауыстыру, Әл-Фараби жалпы орта мектебінің сырлау жұмыстары 40%, жылу жүйелерін, есік ауыстыру, Ш.Ниязов жалпы орта мектебіне гипсокартон қағу, потолок және қабырғаларды сылау, ішкі сыртқы қабырғаларды бояу, асфальт төсеу қажет. Ал №31 мектеп балабақшасына 8 беседка, ойын алаңын орнату, қабырғаларды сылау, асфальт төсеу, әжетханаларын жөндеу, «Келешек» балабақшасына ойын алаңшасын орнату және хауызға кафел төсеу жұмыстарының өз деңгейінде жүрмей жатқанын атап өтті. Бұдан бөлек, мектептің ішкі әжетханаларын іске қосу жұмыстары бойынша 33 мектептің ішінде іске қосылған әжетханалар саны 28-ді құрауда. Қосымша салынатын әжетханалар саны 4 мектеп (Ғ.Мұратбаев, Әл-Фараби, Ә.Науаи, №14), 3 мектептің (Некрасов, Н.Төреқұлов, С.Рахимов) ескі ғимараттарына салынатын болады.

Түркістан қаласы адами капиталды дамыту бөліміне қарасты 32 мектептің аулалары толығымен қоршалған. Тозығы жеткен 9 мектептің қоршауы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша қайта жаңартылды. Сонымен қатар, 2020-2021 жаңа оқу жылына дайындық барысында адами капиталды дамыту бөліміне қарасты 58 білім беру ұйымдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 61100,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда 33 мектепке 47900,0 мың теңге, мектепке дейінгі 20 балабақшаға 13200,0 мың теңге қаржы бөлініп, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасына енбеген 14 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *