ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІ ЖАЙҚАЛТУ ҮШІН ЖҰМЫСШЫЛАР САНЫ ЕСЕЛЕНБЕК

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІ ЖАЙҚАЛТУ ҮШІН ЖҰМЫСШЫЛАР САНЫ ЕСЕЛЕНБЕК

16 просмотров

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІ ЖАЙҚАЛТУ ҮШІН ЖҰМЫСШЫЛАР САНЫ ЕСЕЛЕНБЕК

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Рухани-мәдени орталықтағы саябақ-аллеялардың абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын тексерді. Алдымен қала басшысы Н. Назарбаев аллеясын, Яссы бағын, Гүлдер саябағын, Тұңғыш Президент саябағы мен Қ. А. Ясауи мұражайы аумағын аралап, көгалдандыру және оны суғару жүйесіне ерекше назар аударды.

Атап айтқанда, көгалдарды суғару бойынша нақты кесте түзуді, істен шыққан суғару жүйелерін қалпына келтіруді тапсырды. Түркістан қаласында жасыл белдеу қалыптастырып, қоршаған ортаны көгалдандырып және экологияны жақсартудағы маңызды міндетте асқан жауапкершілік қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, жасыл желекке күтімді күшейту үшін жұмысшылар саны арттырылатын болды. Тиісті бөлім басшысына істен шыққан су жүйелерін қалпына келтіріп, нәтижесін жұмыс күнінің соңына дейін баяндау тапсырылды.

Айналма жол бойындағы орналасқан жалпы аумағы 36 га жасыл белдеулерді канал суымен суару жұмыстары да қала басшысының басты назарына алынған. Қазіргі таңда 25 жұмысшы және 2 техника жасыл белдеуді суғаруға жұмылдырылған. Ал «Парасат», «Тұран» саябақтарын және Қызылорда тас жолы бағытындағы 56 га аумақта ағаштарды канал суымен суару жұмыстарын жүргізуге 72 жұмысшы және 7 техника қатысуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.