ТҮРКІСТАНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

ТҮРКІСТАНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

38 просмотров

ТҮРКІСТАНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов Қ. А. Ясауи кесенесі алдын абаттандыру жұмыстарын бақылады. Тарихи орында амфитеатр (құран оқуға арналған орын), субұрқақ, сонымен қатар, жасыл желек төгілген арка қойылады. 3 кезеңнен тұратын абаттандыру жұмыстарының алғашқысы жаз мезгілінде аяқталады деп жоспарланған. Одан өзге, Күлтөбе мен ботаникалық бақтағы жұмыстар да жалғасады. Сондай-ақ, рухани-мәдени орталықта жалпы аумағы 8 га құрайтын аллея мен сквер салынады. Ол үшін алғашқы жұмыстары басталып кеткен.

Ал, әкімшілік-іскерлік орталықтағы көпқабатты үйлер құрылысы қарқын алғанымен, жұмысшы санының жетіспеушілігі де жоқ емес. Қолға алған істі сапалы әрі жылдам аяқтау үшін тиісті тапсырмалар беріліп, жұмысшы санын көбейту ескертілді.

ТҮРКІСТАНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Жалпы, «Отырар» ықшамауданындағы 5 қабатты үйлер жуық арада пайдалануға берілуі жоспарлануда. Көпбалалы аналарға берілетін пәтер белгіленген санаттар бойынша үлестірілетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *