Түркістанда қалыпты температура сақтайтын аялдамалар салынуда

Түркістанда қалыпты температура сақтайтын аялдамалар салынуда

25 просмотров

Түркістанда қалыпты температура сақтайтын аялдамалар салынуда

Құрылысы қарқын алған Түркістанда Қаланың орталық көшелерінде заманауи үлгідегі аялдамаларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін орталық көшелер бойына жолаушы үшін ыңғайлы, ішінде теледидар және WIFI жүйесі де жүргізілген 30 аялдама қойылмақ.

Алғашқы осындай талаптарға сай салынған аялдамаға «Әмір Темір» атауы беріліп, ел игілігіне ұсынылды. Аялдама жылы, әрі қолдануға қолайлы етіп қарастырылған. Келетін қоғамдық көліктердің жүру бағыттары нақты жазылған күту орындары елдің ыстық ықыласына да бөленіп үлгерген. Қалған заманауи аялдамалар жыл аяғына дейін орнатылып, халық қолданысына беріледі деп күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *