Түркістанда «Қазақ хандары» мемориалды кешені салынуда

Түркістанда «Қазақ хандары» мемориалды кешені салынуда

12 просмотров

Түркістанда «Қазақ хандары» мемориалды кешені салынуда

Түркістан күн санап адам танымастай өзгеріп келеді. Қалада жаңа нысандар бой тіктеп шаһардың ажарын аша түсуде. Бұл құрылыстың қатарында «Қазақ хандары» мемориалды кешеніні бар. Қазір онда құрылыс қарқынды жүргізілуде. Киелі шаһардың рухани-мәдени орталығындағы тарихи нысанның маңызы зор. Себебі, мұнда 21 қазақ ханы мен сұлтандар, билер жайлы ақпараттар және тарихи көріністерді бейнелейтін композиция орнатылмақ. Және ақпараттар қазақ, ағылшын тілдерінде беріледі.

«Әзірет-Сұлтан» қорық музейі аумағында жерленген зиялы қауымдар жайлы толық ақпарат, яғни олардың өмір сүру дағдысы мен қызметі бойынша электронды тақтайшалар қойылады. Сондай-ақ, QR-код арқылы да гаджет көмегімен мәлімет алуға болады.

Мамыр айында құрылысы басталған кешен биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жалпы, тарихи нысан қазақ жауынгерінің бас киімі, киіз үй және музей күмбезі іспеттес дүниелердің ортақ туындысы болмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *