ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ МҰРАМЫЗ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ МҰРАМЫЗ ҰЛЫҚТАЛДЫ

62 просмотров

ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ МҰРАМЫЗ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Ұлттық домбыра күнін атап өтуде ерекше мән бар. Себебі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан асыл дәстүрінен қол үзбеуге бастайтын бұл күн өнер адамдары үшін ғана емес күллі қазақ жұрты үшін айтулы мереке. Домбыра — қазақтың жаны, демеушісі, мұңшысы, сырласы, қимасы, арылмайтын мәңгілік жолдасы, сөйлейтін сөзі, айтатын ойы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым. Қазақ атауымен домбыраның аты қатар аталатыны жасырын емес. Домбырамен ән салуға, күй тартуға болатын ұлтымыздың өмірінде орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар – аспап екені белгілі. Домбыра — қазақты ешқашан шаршатпайтын тұлпар, бөлінбейтін бүтініміз.

Осы орайда Рухани шаһарда Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ұлттық домбыра күні қарсаңыда «Домбыра — ұлттық мұрамыз» атты онлайн концерт өтті. Шара шеңберінде қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары бірі күбірлетіп күй шертсе, енді бірі домбырамен ән шырқады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *