Түркістанда 122 азамат қайтарымсыз несиеге ие болған

Түркістанда 122 азамат қайтарымсыз несиеге ие болған

3 просмотров

Түркістанда 122 азамат қайтарымсыз несиеге ие болған

2017 жылы бастауын алған «Бизнес Бастау» жобасы бүгінге дейін елдегі шағын және орта бизнестің дамуына елеулі үлес қосып, жұмыссыздар санының айтарлықтай кемуіне түркі болды. Биылғы жылдың өзінде Тұркістан қаласында жоба аясында 3000-ға жуық азаматты кәсіпкерлікке оқыту жоспарланып отыр. Әлемдегі болып жатқан жағдайларға байланысты оқытуды да онлайн форматқа ауыстырған еді « Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Қазірдің өзінде «Бизнес бастау» жобасына кәсіпкерлік негізінде оқыту курстарының бірінші кезеңінен өткен 122 азамат грант иегері болған. Олардың негізгі бөлігін аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелері, жұмысқа қабілетті мүгедектер мен бизнез-жоспарлары жақсы жасалған жастар құрайды.

Қайтарымсыз несие ұтып алған азаматтарға қойылатын бірнеше шарттар да бар. Бөлінген қаржыны тиімді игеру басты назарда болып, бір жыл ішінде берілген ақшаны бизнесін дөңгелетіп әкетуге құйылуы негізгі талаптар қатарында. Бизнеске бөлінген гранттарды жеңген жас кәсіпкерлердің іс-әрекеті бақылауда болып, құйылған қаражаттың белгіленген бағытта жұмсалуы көзден таса қалмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *