ТҮРКІСТАНДА 18 ТОННА КӨКӨНІС ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА 18 ТОННА КӨКӨНІС ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

38 просмотров

ТҮРКІСТАНДА 18 ТОННА КӨКӨНІС ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

Түркістан қаласына Ордабасы ауданының «Аделия» шаруа қожалығының басшылығы тарапынан 18 тонна қызанақ пен қияр артылған жүк көлігі келді. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жұмысын тоқтатып, үйінде отырған әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, құрылыс саласында демалыссыз жұмыс жасап жатқан жергілікті тұрғындарға және таң атқаннан кеш батқанға дейін қаланың таза болуына үлес қосып жүрген «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС мекемесінің жұмысшыларына үлестірілетін болады. Осы жөнінде қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаевпен тілдескен едік.«Елімізде орын алып отырған төтенше жағдайға байланысты бүгінде көптеген кәсіпкерлер қала тұрғындарына көмек қолдарын созуда. Соның бірі ретінде бүгін Түркістан облысы, Ордабасы ауданынан «Аделия» шаруа қожалығының басшылары өздерінің жылыжайында өсірілген таза экологиялық өнімдерді 9 тонна қызанақ пен 9 тонна қиярды қаламызға жеткізіп берді. Бұл өнімдерді қаламызда жұмыссыз отырған әлеуметтік жағынан әлсіз топтардың отбасыларына және қаладағы тазалық жұмыстарын қамтамасыз етіп жүрген «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС мекемесінің жұмысшыларына және демалыссыз құрылыс саласында жұмыс атқарып жатқан жергілікті тұрғындарға таратылатын болады.

ТҮРКІСТАНДА 18 ТОННА КӨКӨНІС ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

Осы тұрғыда қала басшысы атынан Ордабасы ауданының «Аделия» шаруа қожалығының басшыларына алғысымызды білдіреміз», — дейді қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаев.Иә, таза экологиялық жағдайдағы жылыжайда өсірілген көкөністерді қала әкімдігінің қызметкерлері мен «Asar» еріктілер ұйымының жастары қала тұрғындарына тізім бойынша үйме үй таратып, жеткізіп беретін болады.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *