ТҮРКІСТАНДА 200 ОРЫНДЫҚ МОДУЛЬДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

ТҮРКІСТАНДА 200 ОРЫНДЫҚ МОДУЛЬДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

15 просмотров

ТҮРКІСТАНДА 200 ОРЫНДЫҚ МОДУЛЬДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында 200 төсек-орынға лайықталған модульді жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы жүріп жатыр. Биыл елімізде 13 модульді инфекциялық стационар салынуы жоспарланған болса, соның бірі Түркістан шаһарындағы нысан болып табылады. Айта кетерлігі, 200 төсек-орынның 180-і инфекциялық жұқпалы ауруларға, ал 20 орын реанимациялық ауруларға арналған. Ауруханада цифрлы рентген аппараты, ултрадыбыстық аппараттар және өзге де озық үлгідегі техникалар емделушілерге қызмет ететін болады.Нысанның құрылысы жоспарланған аймақта барлық қажетті инженерлік желілер мен көлік инфрақұрылымы бар. Жалпы, инфекциялық стационардың құрылыс жұмыстары қараша айында аяқталатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *