
⠀
«Техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша 398 адамды қамту жоспарланса, өтініш білдірушілер саны 635-ті құрап отыр. Карантин режимі қаламызда біте салысымен оқу жұмыстарын атқару басталады.

⠀
«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша, 2020 жылға шағын несиелендіруге 60 азаматқа, мемлекеттік гранттармен қамтамасыз етуге 300 азаматқа, «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша 70 азаматқа кәсібін дөңгелетуіне мүмкіндік қарастырылған.
⠀
Осы жылға әлеуметтік жұмыс орындарына 130 азамат жоспарланғанымен, бүгіннің өзінде 143 азамат жұмыспен қамтылып отыр.
⠀
«Жастар практикасы» бойынша 500 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланса, қазірде 167-сі сан сала бойынша еңбек жолын бастап үлгерді.
⠀
Жыл басынан бос орындар арқылы тұрақты жұмысқа 1228 азамат орналастырылды. Жалпы, 2020 жылы қала бойынша 9288 жаңа жұмыс орынының ашылуы жоспарланған.
⠀
Жоғарыда атап өткен бағдарламаға қатысамын деушілер 87710189561 нөміріне немесе @jumispen_kamtu_ortalygy аккаунтына хабарласа алады. Біліктілігімізді арттырып, кәсіп бастап, өңірімізді гүлдендіруге үлес қосайық!
⠀
Халықты жұмыспен қамту орталығы