ТҮРКІСТАНДА 70 КӨШЕДЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛҒАН

ТҮРКІСТАНДА 70 КӨШЕДЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛҒАН

54 просмотров

ТҮРКІСТАНДА 70 КӨШЕДЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛҒАН

Бүгінде жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында әкімшілік-іскерлік орталыққа іргелес орналасқан, яғни инфрақұрылымы толық аяқталған (ауыз су, сарқынды су, газ) учаскелерде 111,13 шақырымды құрайтын 81 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Қазіргі таңда 96,15 шқ құрайтын 70 көшеде (91,0%) жұмыстар басталған. Аталған көшелерде сарқынды су жүйесіне арналған футляр орнату, жол негізін даярлау, аяқ жолдардың жиектастарын орнату жұмыстары жасалып жатыр. Оның 77,2 шқ құрайтын 58 көшесінде (73%) асфальт жабындысы төселді. Аяқжол 86,8 шақырымды құрайтын 64 көшеде жүргізілген.

Сонымен қатар, Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолынан Майкотов көшесіне дейінгі автожолының жалпы ұзындығы 6,5 шқ құрайды. Нысанның 4,5 шқ аумағының (бірінші аумағында) жол негізі әзірленіп, жүріс бөлігіне қара қиыршықты(черный щебень) және ірі түйіршікті асфальт (крупнозернистый асфальт) жабыны төселген. Сонымен қатар, науа (лоток) және аяқ жол мен вело жолдың жиектастары орнатылған.

Одан өзге, 1,53 шақырымды Жібек жолы көшесін қайта жаңғырту (М.Абенов көшесінен Б.Саттархановқа дейінгі аралығы) жұмыстары басталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *