ТҮРКІСТАНДА 98 НЫСАНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАНДА 98 НЫСАНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

4 просмотров

ТҮРКІСТАНДА 98 НЫСАНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Облыс орталығы атанған Түркістанның даму қарқыны жаман емес. Еңсесін қайта тіктеген қарт қалада кешенді жұмыстар жүргізілуде. Қазір мұнда құрылыс саласының қарқын алып отырғаны айтпасада белгілі. Осы ретте бой көтеріп жатқан нысандардың сапасы, құрылысшылардың еңбек қауіпсіздігі, әсіресе қауіпті індеттің белең алуы тұсында осы саладағы әрбір азаматтың дертке шалдықпауы үшін жауапты тұлғалармен қатар жергілікті билік барынша сақтық шараларын қатаң бақылауда ұстап келеді. Болашақта халық игілігі үшін қызмет ететін бүгінгі құрылыс нысандарының ең алдымен сапалы жүргізілуі аса маңызды. Осы тұста қала аумағындағы жүздеген құрылыс нысандарындағы сапа мәселесі әкімдік жұмысының негізгі бөлігіне айналып отыр.

Осы күні Түркістан қаласында 98 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бір мезетте қала әкімдігінің бұл нысандардағы сапаны бақылауда ұстауы қиын екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан ретіне қарай күнделікті жұмыс жоспарымен және жоспардан тыс аталған жайды бақылау шаралары жүргізілетінен қала әкімінің әлеуметтік желідегі жазбаларынан да аңғаруға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *