ТҮРКІСТАНДА АҚЫСЫЗ АВТОТҰРАҚТАР КӨБЕЙМЕК

ТҮРКІСТАНДА АҚЫСЫЗ АВТОТҰРАҚТАР КӨБЕЙМЕК

72 просмотров

ТҮРКІСТАНДА АҚЫСЫЗ АВТОТҰРАҚТАР КӨБЕЙМЕК
bilim-all.kz


Рухани шаһардағы базарлар маңында ақылы автотұрақтардан аяқ сүрінетіні жасырын емес. Арнайы жүргізілген тексеріс барысында бір ғана автотұрақтың мемлекеттік төлқұжаты бар болып шыққан. Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен өткен әкімдіктің апталық мәжілісінде сөз болды.

ТҮРКІСТАНДА АҚЫСЫЗ АВТОТҰРАҚТАР КӨБЕЙМЕК


Қазіргі таңда көлік иелері, өкінішке орай, ережеге қайшы жерлерді де тұрақ ретінде пайдаланып келеді. Бұл әрекеттері жаяу жүргіншілер мен басқа да азаматтарға қолайсыздық туғызып, олардың үстінен шағымдар түсуде. Облыс орталығында осындай заңсыздықтардың алдын алу үшін рейд жұмыстары жалғасуда. Мәселен, жыл басынан бүгінгі күнге дейін жолаушылар және жүк тасымалдау қағидаларын бұзу бойынша 35 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бес айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған.

ТҮРКІСТАНДА АҚЫСЫЗ АВТОТҰРАҚТАР КӨБЕЙМЕК


Мәжіліс барысында «біздің басты ниетіміз айыппұл салу емес, тәртіп орнату», — деген Рашид Абатұлы жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы А.Тоқбергеновке жіті назарына алу қажеттілігін ескертті.
Айта кетейік, заңсыз ақылы автотұрақ жасағандар тәртіп сақшыларының назарында. Тиісті шаралар шеңберінде заң бұзушы мекемелерге ескерту жасалып, «Ақысыз автотұрақ» жазуы бар тақтайшалар орнатылуы тапсырылды.
«Аймақ-ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *