ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДЕР ТҮСІРІЛЕДІ

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДЕР ТҮСІРІЛЕДІ

19 просмотров

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДЕР ТҮСІРІЛЕДІ

Түркістан облысы бүгінде телесериал мен анимациялық фильмдердің орталығына айналып отыр. Бұған дейін аңыз әрі тарихи кейіпкерлерді паш ететін бірнеше туындыны көрерменге тарту етті. Биыл да Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Түркістан құпиялары» деректі фильмін және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында анимациялық фильмдерді түсіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әзімхан Қойлыбаев мәлімдеді.

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДЕР ТҮСІРІЛЕДІ


Айта кетерлігі, облыста түсірілген «Күш атасы − Қажымұқан», «Киелі Қазығұрт», «Отырарды қорғау» анимациялық фильмдері мен «Көне жетігеннің сыры» телесериалы облыстың барлық аудандары мен қалаларында және жергілікті телеарналар мен «Хабар», «Асыл арна» телеарналарынан көрсетілген болатын.
Бүгінгі таңда облыста 679 мәдениет және өнер мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Оның iшiнде: 389 кiтапхана, 251 клуб, 24 музей,3 кәсіби театр, 6 саябақ, 2 орталық, 1 облыстық филармония, 1 көркемсурет галереясы,1 «Оңтүстікфильм» мекемесі бар.
«Өткен жылы облыстық кәсіби 3 театрда 10 жаңа қойылым сахналанды. Ағымдағы жылы аталған театрларда 702 қойылым халыққа ұсынылып, 22 гастрольдік іссапар ұйымдастырылды. Театрларда Әл-Фарабидің 1150, А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларына орай жаңа спектакльдерінің премьерасы халық назарына ұсынылмақ. Аталған мерейтойларға байланысты сәуір айында «Театр көктемі-2020» кәсіби театрлардың фестивалі мен «Халықтық» атағы бар театрлардың байқауы өтеді. Сонымен қатар, Отырар ауданында «Open air» ашық аспан астындағы театры іске қосылып, тарихи көркем, анимациялық фильмдер көрсетіліп, қараша айына дейін халыққа қызмет көрсететін болады», — деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, облыстағы 389 кітапханада 17125 көпшілік іс-шара ұйымдастырылған. Кітапханалар 110 641 дана жаңа кітаптармен толықтырылып, жАлпы кітап қоры 5 млн. 768 мың данадан асып отыр. «Ең көп оқылатын 100 кітап», «Алтын қорға үлес қос», «Кітапханаға сый» акциялары ұйымдастырылып 13043 дана кітап кітапханалардың қорына сыйға берілген.
Бұдан өзге, биыл аталып өткелі отырған композитор Ш.Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай «Бақыт құшағында» атты ретро-фестивалі, «Ән еркесі» мерекелік концерті, «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауы және барлық аудан, қалаларда 80-ге жуық іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *