ТҮРКІСТАНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

ТҮРКІСТАНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

10 просмотров

ТҮРКІСТАНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Облыс орталығында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Бүгінде 25 нысанды көрікті орынға айналдыру жұмыстары жалғасуда.

Жалпы, республикалық бюджет есебінен «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы негізінде, бірінші кезекте қалаға кіреберіс аумақтардың жол жиегін көркейту, гүлзарлар орнату, саябақтар және балалар ойын алаңшаларын салу жұмыстары іске асуда.

Қазірде 5 көпқабатты үй ауласында ойын алаңшалары толығымен салынып бітті. Жалпы, қазірде 25 нысандағы жұмыс қарқыны 70 пайызға аяқталып отыр. Одан өзге, жергілікті бюджет есебінен абаттандырылып жатқан нысандар да бар.

Мұндағы ерекшелік, көптеген үй, көше аумағында салынып жатқан нысандар жобасын тұрғындар өздері жасауда. Халықтың жобасы негізінде тұрғындар ойындағы дүниелерді өз үй алдарында эскиздік жобаларын жасауда. Жалпы, аталған 25 нысан тамыз айының соңында аяқталып, қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Мердігерлер тарапынан 3 жылға кепілдеме хат беріледі. Егерде ахау пайда болатын болса, мердігерлер өз есебінен қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Карантин режимі аяқтала, аталған орындар тұрғындардың саялы, сүйікті орындарына айналады деп сенеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *