ТҮРКІСТАНДА БАҚЫЛАУ-ӨТКІЗУ БЕКЕТТЕРІ КҮНДІЗ-ТҮНІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

ТҮРКІСТАНДА БАҚЫЛАУ-ӨТКІЗУ БЕКЕТТЕРІ КҮНДІЗ-ТҮНІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

71 просмотров

ТҮРКІСТАНДА БАҚЫЛАУ-ӨТКІЗУ БЕКЕТТЕРІ КҮНДІЗ-ТҮНІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Түркістан қаласына кіріс-шығыс жеті жол бар болса, соның негізгі 6 бағытына бақылау-өткізу бекеті қойылған. Түркістанда пандемия, яғни коронавирус індетін жұқтырған жағдай анықталған жоқ. Десе де, сақтықта қорлық жоқ екенін ескеріп, қалаға кіріп жатқан көліктердегі әрбір азаматтардың дене қызуы өлшенуде. Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы және шетелдік нөмірлі көліктерді тіркеуге алу бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Онда полиция, дәрігерлер, жедел-жәрдем, төтенше жағдай қызметкерлері тәулік бойы қызмет етуде.

ТҮРКІСТАНДА БАҚЫЛАУ-ӨТКІЗУ БЕКЕТТЕРІ КҮНДІЗ-ТҮНІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Блок-посттарда жұмыс жасап жатқан қызметкерлер үшін барлық инфрақұрылым жүйесі, яғни, су, жарық, дәретхана, шатыр (палатка) қарастырылған. Қала әкімі Рашид Абатұлы шаһарға кіре беріс қақпалардағы істердің талапқа сай жасалуын күндіз және түнгі уақыттарда барып бақылады. Жалпы, індеттің алдын алу шаралары шаһардағы қоғамдық орындарда күшейтілген режимде атқарылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *