ТҮРКІСТАНДА БІРНЕШЕ СПОРТ НЫСАНДАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ТҮРКІСТАНДА БІРНЕШЕ СПОРТ НЫСАНДАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

23 просмотров

ТҮРКІСТАНДА БІРНЕШЕ СПОРТ НЫСАНДАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысында бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бас­шы­лы­ғымен көптеген жұмыстар ат­қарылуда. Мемлекеттік маңызы басым бағытты күшейту үшін спорттық инфрақұ­рылымды дамыту жолында Түркістан қаласында сан алуан жаңа ғимараттар бой көтерген. Спорт саласына зор көңіл бөлетін облыс басшысы қаладағы жаңа спорт нысандардың құрылыс алаңдарын аралады.

Түркістан өңірінде дүниежүзі бойынша кең тараған спорт түрі-футболды дамыту мақсатында УЕФА-ның халықаралық талаптарына сай 7000 адамға лайықталған алып стадион құрылысы жүргізілуде. 2 спорт зал, әлемдік аренаға жауап беретін табиғи футбол алаңы, әкімшілік бөлмелер бар спорт кешені биыл пайдалануға беріледі. Жаңа стадионда облыс құрамасының оқу-жаттығу жиындары және облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өтетін болады.

ТҮРКІСТАНДА БІРНЕШЕ СПОРТ НЫСАНДАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Сонымен қатар, Түркістан облысының спортының дамуына үлесін қосатын бассейні бар спорт кешенінің құрылыс жұмыстары да қарқынды түрде жүргізілуде. Құрылысы аяқталуға таяған
заманауи талаптарға сай спорт кешенінде ұлттық құрама мүшелері мен облыстың жас спортшылары да жаттығатын болады. Жаңарған Түркістанда ондаған спорттық ғимарат ел игілігіне беріледі деп жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *