
Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап қоғамдық тамақтану орындары жұмысын жалғастырады. Айта кететін жайт, кафелер 10.00-22.00 аралығында 50 орынға дейін, ұжымдық іс-шараларсыз қызмет етеді.⠀Барлық діни нысандар да сақтық шараларын, бетперделік режим мен дезинфекция жұмыстарын жандандыра отырып, есігін ашады (жалпы қызмет келемінің 30% дейін ғимаратты толтырып).⠀Салауатты өмір салтын ұстану үшін спортпен шұғылдану нысандары қызметін күшейтілген санитариялық- дезинфекциялық тәртіпті сақтай отырып жалғастырады. Тренажерлық залдардағы техникалар арасында арақашықтық сақтау талап етіледі. Сонымен қатар, моншалар мен сауналар да арнайы алгоритмді сақтай қызметіне кіріседі.⠀Ал, мектепке дейінгі кезекші топтар қызмет жасайтын ата-анадан сұраныс болған жағдайда ашылатынын хабарлаймыз. Ол үшін ата-ана жұмыс орнынан анықтама көрсете отырып, балабақшаға сұраныс беруі қажет. Кем дегенде 20 сұраныс түскенде балабақша жұмысын жалғастырады.⠀Бұлардан бөлек, теміржол және автовокзалдар да тұрғындар үшін есігін ашып, жолаушылар тасымалдауын жалғастырады.⠀Дегенмен, билет алушылар тек кассаға билет алу және банкомат үшін белгіленген қоршаумен ғана кіре алады.⠀Басқа қаладан келгендер болса бас қақпадан емес, сары түспен көрсетілген сызық арқылы вокзалдың оң жақ бетіндегі қақпа арқылы өтеді. Яғни, келуші мен кетуші қарама-қарсы бағытта бір-бірімен кездеспейді.⠀Аталған жұмыстар карантин режимінің сақталып, қауіпсіздікті жандандыру үшін қолға алынды. Ол үшін полиция, сэс және вокзал қызметкерлері жұмылдырылды.