Түркістанда биыл қанша жол жөндеуден өтеді?

Түркістанда биыл қанша жол жөндеуден өтеді?

10 просмотров

Түркістанда биыл қанша жол жөндеуден өтеді?

Жол мәселесінде сапа басты орында екені даусыз. Облыс орталығы Түркістанда қыруар құрылыс жұмыстарының бірі болып табылатын жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Байдулла Оразбековтың айтуынша 2020 жылғы жоспар бойынша қала аумағында 106,3 шақырымды құрайтын 81 көшеге орташа жөндеу және 7,8 шақырымды құрайтын 2 көшеде қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар қаламыздың инфрақұрылым жүйесі толық аяқталған «Отырар» ықшамауданында жүргізілуде.

«Жалпы қала аумағында күрделі және орташа жөндеу жұмыстарының барысында салынып жатқан жолдардың сапасы жақсы деңгейде деп айта аламыз. Жол жөндеу жұмыстарының барысында орындалып жатқан жұмыстар, бірінші кезекте әкімдік мамандарының жіті қадағалауында. Тиісінше барлық нысандарда техникалық қадағалаушы мекемелер бар. Техникалық қадағалаушылар тарапынан, орындалған әрбір жұмыс түріне зертханалық сынақтамалар жүргізіліп, сапасы тексеріледі», — дейді Түркістан қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Байдулла Оразбеков.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *