ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕТІН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕТІН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

27 просмотров

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕТІН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Облыстың орталығына айналған Түркістан күн сайын көріктеніп келеді. Бүгінде біраз нысын елдің игілігіне берілсе, біршамасының құрылысы бітуге таяған. Ал, биыл пайдалануға берілетін ірі нысандардың құрылыс жұмыстарының қарқыны жаман емес.

 Мәселен Тұңғыш Президент саябағы, Арбат, Қ.А.Ясауи мен Рәбия Сұлтан Бегім кесенелерін қалпына келтіру, Мәдени-рухани орталығының инженерлік инфрақұрылымының құрылысы мен абаттандырылуда. Сондай-ақ, Әзірет Сұлтан қорық мұражайының аумағын абаттандыру, Күлтөбе көне қонысының тарихи орындарын қалпына келтіру, желілік саябақ, Кеңсай-Қосқарған-2 су қоймасы, сауықтыру кешені, Шошқакөл көлдер жүйесін жаңғырту және дендросаябақ нысандары бойынша құрылысы жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, биылғы жылы жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында әкімшілік-іскерлік орталығына іргелес орналасқан, яғни инфрақұрылымы толық аяқталған жерлерде 106,3 шақырым құрайтын 81 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған болатын. Бүгінде 70 көшеде сарқынды су жүйесіне арналған футляр орнату, жол негізін даярлау, аяқ жолдардың жиектастарын орнату жұмыстары жүргізілуде. 60 көшеде асфальт төселіп, басым бөлігінде аяқжолдар жүргізілген. Күрделі құрылыс нысандарының аумағында және оларға іргелес жатқан 11 көше бойынша жөндеу жұмыстары күзге дейін аяқтау жоспарланған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *