ТҮРКІСТАНДА ДӘРІГЕРЛЕРДЕН ҚҰРАЛҒАН МОБИЛЬДІ ТОП НАУҚАСТАР ЖАҒДАЙЫН ҮЙЛЕРІНЕ БАРЫП БАҚЫЛАУДА

ТҮРКІСТАНДА ДӘРІГЕРЛЕРДЕН ҚҰРАЛҒАН МОБИЛЬДІ ТОП НАУҚАСТАР ЖАҒДАЙЫН ҮЙЛЕРІНЕ БАРЫП БАҚЫЛАУДА

20 просмотров

ТҮРКІСТАНДА ДӘРІГЕРЛЕРДЕН ҚҰРАЛҒАН МОБИЛЬДІ ТОП НАУҚАСТАР ЖАҒДАЙЫН ҮЙЛЕРІНЕ БАРЫП БАҚЫЛАУДА

 Түркістан қалалық емханасында дәрігерлерден құралған мобильді топ жұмысы жанданған. Қала әкімдігі тарапынан берілген қызметтік көліктерден жасақталған топта дәрігер мен медбикелер бар. Олар коронавирус, пневмония және басқа да аурулар бойынша тексеріп, алғашқы ем-домды жасайды.⠀Мәселен, бүгінгі күнге дейін, бір айдың ішінде жалпы саны 85 коронавирус, 101 пневмония, 46 басқа да дене қызуы бар науқастардан шақырту түскен. Жұмыс жасап жатқан 18 мобильді топ керекті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген.⠀Мобильді топ санының көбейгені, шақыртуларға кезек күттірмей, жылдам баруға мүмкіндік беруде. Ол өз кезегінде дәрігерлер қызметін жеңілдетсе, екіншіден, жұқпалы вирустың таралуы мен дәрігерлерге жұқтыру қаупін бірнеше есе төмендетті. Ал, дене қызуы көтерілген науқастарға үйінен шықпай медициналық көмек алуға мүмкіндік беруде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *