Түркістанда індет таралуының алдын алу жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда

Түркістанда індет таралуының алдын алу жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда

17 просмотров

Түркістанда індет таралуының алдын алу жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда
 «Сары аймаққа» енген Түркістан облысында карантин талаптарының сақталуы қатаң қадағалануда. Атап айтқанда, қала әкімдігі мен полиция қызметкерлері құрамына енген 10 мобильді топ күнделікті таңғы уақыттан бастап бақылауда. Талаптарды бұзған жайт бойынша хабар берілсе, жұмыстар түнгі уақытта да жалғасады.
Өткен тәуліктегі мониторингтік қадағалау барысында 60 нысан араланып, «Император» тойханасында карантин талабын бұзып бесік той өткізгені үшін, “Rich Garden” бассейінде рұқсат етілмеген уақытта адам қабылдағаны үшін және азаматтар сақтық шараларан ұстанбағаны үшін жалпы 7 баянат толтырылған. Айта кетерлігі, облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің Қаулысына сәйкес жұмысы тоқтауы тиіс нысандардың әрекеті белгілі болып, кәсіп иелеріне ескертулер берілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.