ТҮРКІСТАНДА ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

117 просмотров

ТҮРКІСТАНДА ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

«Түркістан қаласында Эврика басшысы қамаққа алынды», деп өз парақшасында жариялаған Түркістан қаласының әкімі сақтық шараларын бұлжытпай орындамағандарды ескерту мен хаттамаға да көнбеген жағдайда, қамаққа алынатынын ескертті. Осы уақытқа дейінгі тексеру барысында 90% сауда, қызмет көрсету және тамақтану орындарына хаттама толтырылған.

Еліміздің рухани астанасында індетпен күрес жұмыстары күшейтілді. Қаланың басты даңғылдарының бірі Тәуке ханда сынама жұмыстары жүргізіліп, адам көп шоғырланатын жер залалсызданған. Түркістан қарқынды дамып жатқан, халық өсімі де жоғарылап жатқан облыс орталығы болған соң сынама жүргізу арқылы бірқатар жұмыстарды жүйелеп алуға мүмкіндік береді. Мәселен, қанша уақыт кететіні, ерітінді қажеттігі және мамандар тапшылығы жоқ екендігі белгілі болды.

Рашид Аюпов әлеуметтік желіде тұрғындармен жіті байланыста болғандықтан, кез келген тіркелуші сұрағын қымсынбай, қымтырылмай қоя алады. Байқағанымыздай, онда базарлар, вокзалдар, саябақтар жайында кемшін тұстары жиі айтылады. Жауабын дереу жазып қалдырмаса да, мүмкіндігінше жиі рейд жасап, сақтық шараларын бұлжытпай орындау қажеттігін де жиі айтып отырады. Дей тұрғанмен, мамандардың бұл істі қаншалықты сапалы жасайтыны күнделікті қатаң бақылауда болады.

Түркістанда 5 блок-бекетте полиция, төтенше жағдай, СЭС қызметкерлері күн мен түнгі уақытқа қарамастан, тұрғындар денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қызмет етуде. Қалаға кіріс-шығыс бағыттармен қатар, Теміржол вокзалында да қойылған блок-бекеттегі істер жүйелі жүруде. Әсіресе, әрбір келушінің дене қызуы қатаң тексеріліп, тіркелуде.

Түркістан — бүгінде нағыз құрылыс алаңындағы кейіпте. Шаһарда індеттің алдын алу жұмыстарымен қатар, құрылыс бағыты да жұмысын тоқтатпаған. Әсіресе, секторлардағы жоспар бойынша әр көше бойларында саялы орындар салу ісі де жүргізілуде. Осының барлығын өз бақылауында ұстап отырған Түркістан қаласының әкімі төтенше жағдай кезіндегі талаптардың жұмысшыларға да қатысы бар екенін ескертіп, міндетті түрде бетперде тағуын басшылықтарына тапсырған.

Рашид Абатұлының төрағалығымен қалалық штабтың отырыстары күнделікті өтеді. Қала әкімі жабылған дүкендердің мамандар ескертпелеріне қарамастан ізін суытпай қайта есігін айқара ашып отқандарын сынға алған. Сондай-ақ, топ жетекшілері көшеде бетпердесіз жүрген адамдарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттілігі айтылды. Себебі, бұл бетперделер алдымен өзінің және жанындағы адамдардың денсаулығы үшін көрсететін бір шара.

Ал, жүрек жалғап алар сәт туса болғаны, кафелерді жағалайтын жандар үшін де ескерер жайттар бар. Өздеріне берілген талаптарға мойынсұнбай қараған кафелер де бар. Бірақ, әкімдік оларға «жылы сөз» айтуды қойып, хаттамалар толтырып, айыппұл салуды бастаған. Себебі, келушілері көп кафелер құлып салып, іштен қызмет көрсетіп келгендері белгілі болған. Осындайда, ақшаға құнықпай, өзгенің болашағына бейқамдық танытпауын сұрар едік.

«Құрметті жерлестер! Мамандар барынша қажетті жұмыстарды атқарып келеді. Алғыс білдіріп, қолдау ретінде, сыртқа шықпауға тырысайық. Шыққан жағдайда бетперде тағып жүрейік. Еліміздің болашағы — сіздің қолыңызда!» деп қала әкімі түркістандықтарды індетке қарсы тұруға бей-жай қарамауға шақырды. Ал, біз Түркістанның одан әрі көркеюі жолындағы істердің жақсы да кемшін тұстарын айтудан жалықпаймыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *