Түркістанда «Көлеңкелі шатырлар» перголалары орнатылды

Түркістанда «Көлеңкелі шатырлар» перголалары орнатылды

3 просмотров

Түркістанда «Көлеңкелі шатырлар» перголалары орнатылды

Түркістан қаласы Бекзат Саттарханов даңғылы бойындағы Желілік саябақта «Көлеңкелі шатырлар» перголалары орнатылды. Түркістан қаласының ауа-райының ыстықтығына байланысты, көлеңкелі шатырлар адамдарды күн сәулесінен қорғайды. Аталған дүниені жасау барысында диаметрі 40 мм және 25мм метал құбырлары қолданылды. Демалуға арналған орындар пішіні мен көлемі жағынан сан түрлі, биіктігі 6 метрге дейін жетеді. Бұйымның салмағы 600 кг-дан 850 кг дейін. Ағаш арнайы өңдеуден өткізіліп (өртке қарсы және антисептикалық), декоративтік қабат жағылған. Бұл қабат ауа-райы жағдайларына, тозуға, ультракүлгіннің әсерлеріне төзімді. Алдағы уақытта тағы да көлеңке сыйлар орындар санын көбейту жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *