ТҮРКІСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

18 просмотров

ТҮРКІСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Медициналық қызмет көрсету сапасын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында және емделушінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін барлық медициналық ұйымдарда емделушіні қолдау және ішкі аудит қызметтері ұйымдастырылған және арнайы сенім телефоны құрылған. Түркістан қалалық емханасының арнайы сайты да бар, егер медициналық қызметкерлердің қызмет көрсетуіне көңілі толмаған пациенттер сол жерде шағымдарын қалдырса мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде кемшіліктерді жойып, жұмыс сапасын арттыру жолында қызмет жасаймыз. Сонымен қатар, емхананың барлық бөлімшелерінде жұмыс сапасына, оның ішінде бөлімшенің және әрбір дәрігердің жұмысына баға беруге мүмкіндік беретін QR код жүйесі қолданыста жұмыс жасайды.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілгеннен бері медициналық көмектің қолжетімділігі жақсарды. Атап айтар болсақ, емдеу мекемелеріндегі барлық көмектер және қызметтер электронды түрде жүргізіледі. Барлығы айқын, ашық пациенттердің көз алдында жүргізіледі. Қазіргі таңда барлық емдеу мекемелерінде емдеуге жатқызу бюросы құрылған. Ауруханаға жатып емделу электронды түрде жату күні автоматты түрде белгіленеді, ауруханалардың бос орындарына сай «стационарды еркін таңдау» принципі бойынша емдеуге жатқызу бюросы қызметкерлері бос орындарды ұсынады соған сәйкес жатар күнді және емделетін мекемеңізді таңдауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының барлық азаматтары басқа аймақтарға емделуге, соның ішінде ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарға баруға, жоғары мамандандырылған көмек алуға, оның ішінде мамандандырылған медициналық көмек алуға мүмкіндік алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *