ТҮРКІСТАНДА «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТАР ҚАБЫЛДАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТАР ҚАБЫЛДАНДЫ

57 просмотров

ТҮРКІСТАНДА «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТАР ҚАБЫЛДАНДЫ

Бүгін Түркістан қаласында «Партия күніне» орай азаматтарды партия қатарына қабылдауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев облысымыздың түкпір-түкпірінен келген 27 тұрғынға партия куәлігі мен төсбелгісін тапсырды.
«Бүгін партия қатары өз саласы бойынша жемісті еңбек етіп жүрген белсенді азаматтармен толығып жатыр. Біз жергілікті мәслихаттарда түрлі сала өкілдерінің болғанын қалаймыз. Бұрын депутаттардың басым бөлігі кәсіпкерлер болса, енді бұл қатарға әлеуметтік сала қызметкерлері, білім, медицина, мәдениет және өзге де сала өкілдері қосылады деген сенім бар. Саяси жұмыста қыз-келіншектер мен жастар қатары да артады. Мәслихатта қоғамның әр түрлі тармақтарының өкілдері болуы, олардың үні естілуі тиіс. Енді елімізде партиялық праймериз өтеді. Сол саяси науқанға қатысып, елдік мәселелерге араласуға мүмкіндіктеріңіз бар. Партияға әркім жүрек қалауымен, шынайы ниетпен келеді. Облыста «Nur Otan» партиясының 85 мыңнан астам мүшесі бар. Сол азаматтармен бірге жемісті жұмыс атқарамыз деп ойлаймын», – деген Б.Дәулетұлы жаңа әріптестерін «Партия күнімен» құттықтады.
Салтанатты жиында партия куәлігіне ие болған Қазығұрт аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Н.Боранбаева жетекші партияның елді өркендету жолындағы еңбегіне тоқталды. «Nur Otan» партиясына қабылданғанына қуанышты екенін жеткізді. Сонымен бірге Түлкібас ауданы, Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі А.Көшербай партия тарапынан қолға алынған бастамалардың маңызды екеніне тоқталып, праймериздің шын ел жанашырларын шоғырландыруға серпін беретінін жеткізді. Көпбалалы аналар – түлкібастық Қ.Тұранқұлова мен түркістандық С.Божбанбаева да партия қатарын толықтырды.
Бүгінде Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының 85 мыңнан астам мүшесі бар. 2019 жылдан бастап 2020 жылдың ақпан айына дейін партия қатарына 5 мыңнан астам адам қабылданып, 8 мыңнан астам адам шығарылған. Жалпы 28 ақпанда Түркістан облысы бойынша аудан, қалаларда 122 адамға партия куәлігі тапсырылды. Олардың арасында ұстаздар, дәрігерлер, кәсіпкерлер, әлеуметтік сала қызметкерлері, спорт саласының өкілдері, көпбалалы аналар және өзге де сала мамандары бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *