ТҮРКІСТАНДА ПРЕЗИДЕНТТІК ШАҚЫРЫМҒА ЖҮГІРУДЕН ЖАРЫС ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ПРЕЗИДЕНТТІК ШАҚЫРЫМҒА ЖҮГІРУДЕН ЖАРЫС ӨТТІ

5 просмотров

ТҮРКІСТАНДА ПРЕЗИДЕНТТІК ШАҚЫРЫМҒА ЖҮГІРУДЕН ЖАРЫС ӨТТІ ТҮРКІСТАНДА ПРЕЗИДЕНТТІК ШАҚЫРЫМҒА ЖҮГІРУДЕН ЖАРЫС ӨТТІ
1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» ұранымен президенттік шақырымға жүгіруден бұқаралық жарыс өтті. «Түркістан арена» стадионынан бастау алған бұл жарысқа өңірден мыңға жуық спортшы қатысты.
2,4 шақырым қашықтыққа жүгіруден кентаулық А.Захидинов мәре сызығын бірінші кесті. Екінші орынға түркістандық Б.Абдурайымов ие болса, үздік үштікті Кентаудан келген сайыпқыран Д.Суннатуллаев қортындылады. Ал әйелдер арасында Қ.Серік жеңіске жетсе, екінші орынды Д.Күнқожа иеленді. Үшінші орынды А.Сальникова еншіледі. Үш спортшы да Кентау қаласының өкілдері.
Сонымен қатар 30 жастан асқан спортшылар арасында да үздіктер анықталды. Ерлер арасында сайрамдық Қ.Кәрібаев топ жарды. Кентаулық Б.Базарбаев екінші келсе, мәреге үшінші болып Е.Жадрисов (Кентау) жетті. Әйелдер арасында Түркістан өңірінің өрендері – В.Ли, Ә.Жандарбекова және Л.Белоус үш орынды бөлісті.
Түркістан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қ.Жолдықараев бұқаралық жарысқа қатысқан жұртшылыққа алғысын білдірді. Сонымен қатар жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және жарысқа белсене қатысқан бірқатар азаматты марапаттады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *