ТҮРКІСТАНДА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӨТТІ

24 просмотров

ТҮРКІСТАНДА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӨТТІ

25-мамыр – еліміздегі барлық мектептерде оқу жылы аяғына жетіп, соңғы қоңырау сыңғыры естілетін күн. 11-сынып оқушылары мектептегі жарқын күндерін артқа тастап, жаңа өмірге қадам басса, олардың ізбасарлары сыныптан сыныпқа көшіп, жазғы демалыстарына аттанады. Бұл – зор тебіреніс пен толқуға толы күн деп те айтуға болады.Қазіргі таңда әлемді алаңдатып отырған пандемияға байланысты биылғы соңғы қоңырау ерекше жағдайда өтті. Оқу жылының соңғы тоқсанын қашықтықтан оқыту жүйесімен оқыған оқушылар «Соңғы қоңырау» шарасына да онлайн түрде қатысты. Барлық мектептерде сынып жетекшілері оқу жылының соңғы сабағын «Мектеп – білім ордасы» атты тәрбие сағаттарымен қорытындылады. Сондай тәрбие сағаттарының бірі, Түркістан қаласындағы Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясының 8 «А» сынып жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Т.Бейсекова өткен сабаққа қала әкімінің орынбасары Мұрат Серікбайұлы Базарқұлов пен қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ақмарал Үсенқызы Батырбекова да қатысты. Сабақ барысында оқушылар да белсенділік танытып, кері байланыс жасап отырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *