ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ «АРАЙ-2020» БАЙҚАУЫ ШЫМЫЛДЫҒЫН ТҮРДІ

ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ «АРАЙ-2020» БАЙҚАУЫ ШЫМЫЛДЫҒЫН ТҮРДІ

42 просмотров

ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ «АРАЙ-2020» БАЙҚАУЫ ШЫМЫЛДЫҒЫН ТҮРДІ

  Рухани шаһарда облыстық «Арай-2020» жас эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілері байқауының қорытынды кезеңі басталды. Дәстүрлі өнер додасының аудандардағы өткен іріктеуіне 294 үміткер қатысып, сыннан сүрінбей өткен 38 өнерпаз ақтық сынға жолдама алған еді. Бүгін осы кіл мықтылар өзара кім мықтыны анықтайтын болады.

ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ «АРАЙ-2020» БАЙҚАУЫ ШЫМЫЛДЫҒЫН ТҮРДІ

Байқаудың деңгейін көтеріп, әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында халықаралық және республикалық театр фестивальдерінің жүлдегері, «Дарын»  мемлекеттік сыйлығының иегері, Астана жастар театрының актеры Әділ Ахметов,  облыстық «Арай» жас ән орындаушылар байқауының 1996 жылғы гран-при иегері, халықаралық  «Азия — дауысы» фестивалінің жеңімпазы,  әнші Бауыржан Исаев арнайы шақыртылған. 

ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ «АРАЙ-2020» БАЙҚАУЫ ШЫМЫЛДЫҒЫН ТҮРДІ

«Менің де өнердегі алғашқы қадамым осы фестивалден бастау алған.  Сондықтан қазылар алқасына мүше болу жөніндегі ұсыныс түскенде ерекше толқыдым. Бір жағынан үлкен жауапкершілік жүктелгенін сезіндім. Міне, бүгін осы байқаудың әділ-қазылар алқасының мүшесі ретінде нағыз талант иесін анықтауға келіп отырмыз. Қазақта «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген қанатты сөз бар. Сондықтан барша қатысушы үміткерлерге сәттілік серік болсын дегім келеді», — деді байқау алдындағы баспасөз мәслихатында сөз алған Бауыржан Исаев.

Байқаудың ашылу салтанатында сөз алған Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Асылхан Темірхан байқаудың негізгі мақсатына тоқталып, мұндай шаралардың жас таланттардың ерте әрі тез танылып, республикалық, халықаралық байқауларға қатысуына жол ашатындығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол әділ-қазылар құрамы мен барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның шығармаларын жастар арасында кеңінен насихаттауды көздейтін сайысқа Түркістан облыстық мәдениет басқармасы ұйытқы болды. Байқау қорытындысы бүгін кешкі сағат 17:00-де жарияланып, соңы жеңімпаздардың марапаттау рәсімі мен гала-концертке ұласпақ. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *