Түркістанда табиғи газ құбырларын жүргізу жұмыстары кестеге сай жүруде

Түркістанда табиғи газ құбырларын жүргізу жұмыстары кестеге сай жүруде

27 просмотров

Түркістанда табиғи газ құбырларын жүргізу жұмыстары кестеге сай жүруде

⠀ПГБ-1, яғни Шавгар мөлтек ауданы, С. Ерубаев көшесі, Теміржол вокзалы аумағы, Т. Бокин, С. Қожанов көшелері және т.б аумақтарда маусым айында басталған жұмыс жыл соңына дейін аяқталуы жоспарланған.⠀Сондай-ақ, ПГБ-4, яғни Қызылорда тасжолы бойындағы Яссы және Сауран мөлтек аудандары, Шипа су аумағы, Шәуілдір тасжолы бойы және т.б аумақтағы құрылыс жұмыстары мамыр айында басталып, осы жылдың қарашасында аяқталмақ.⠀Айта кетейік, қаламызда Бекзат, Ақмақта (Хлопзавод), Отырар, 1-2 мөлтек аудандар және ХҚТУ, Асанбай аумағы толығымен қатты отын түрінен көгілдір отынға толығымен ауысқан. Ал, Ортақ (№22 мектеп аумағы), Ыждыхат және Яссы аудандарының газ құбырлары құрылысы 15 маусымда аяқталады.⠀Жалпы, құрылыс жұмыстары аяқталған аумақтарды қамтыған абонент саны — 22002. Ал, осы жылы пайдалануға берілетін аумақтағы абонент саны — 30035. Бүгінде Түркістанның газбен қамтылу көрсеткіші 65 пайызды құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *