ТҮРКІСТАНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ ОРЫНДА

ТҮРКІСТАНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ ОРЫНДА

6 просмотров

ТҮРКІСТАНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ ОРЫНДА

Түрленген Түркістан күн сайын көркейіп келеді. Бұған өңіріміздің аудан қалаларының қосқан үлесі қомақты. Себебі, былтыр руһани шаһар секторларға бөлініп онда тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілген болатын. Өзіне тиесілі секторға бекітілген жауапты аудан, қала, басқарма мен бөлімдер сенбілік жұмыстарына білек сыбана қатысып тазалық жұмыстарына ден қойса, тал егу жұмыстары да назардан тыс қалмады. Қарт қаланың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында түрлі көшеттер шаһардың көркін аша түсті. Жол жүйегінде жасыл шарбақ бой түзеп, обылыс орталығына қазір өзгеше өң беріп тұр.  

Ал, қазір шаһарда тазалықшылар тынымсыз жұмыс жасауда. Күнделікті тазалық жұмыстарына 550 адам мен 60 техника жұмылдырылған. Жол жиегі мен қала іші толықтай қоқыстардан тазартылып тұрады. Қаладағы негізгі 56 көшеге «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС-гі мекемесі жауапты болса, секторлар бойынша 720 көшеге «Шымкент спец компелкс» ЖШС-гі қарайды.   

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *