Түркістанда залалсыздандыру жүргізілетін аумақтардың бір апталық кестесі

Түркістанда залалсыздандыру жүргізілетін аумақтардың бір апталық кестесі

32 просмотров

Түркістанда залалсыздандыру жүргізілетін аумақтардың  бір апталық кестесі

Құрметті қала тұрғындары!

Өздеріңізге апта бұрын жариялағандай, дезинфекция жұмыстары Тыныштықұлов, С. Қожанов, Байбұрт, Ерубаев, Қазыбек би көшелері мен Тәуке хан даңғылы аумағында жүргізілді.

Ендеше, назарларыңызға қалада залалсыздандыру жүргізілетін аумақтың кезекті бір апталық кестесін ұсынамыз:

3.08.2020ж — «Отырар» мөлтек ауданы аумағы

4.08.2020ж — Талқанбаев, Әл Фараби көшелері;

5.08.2020ж — Б.Майлин көшесі («Мақтазауыт» аумағы мен Қызылорда айналма жолы);

6.08.2020ж — Ататүрік көшесі («Мерей» автовозалынан);

7.08.2020ж — Майкотов көшесі;

8.08.2020ж — Жібек жолы көшесі.

Аталған аумақтарда халық көп шоғырланатын банкомат, аялдама, дүкен, дәріхана маңайлары дезинфекцияланатын болады. Дезинфекция жасалған уақытта аса қажеттіліксіз үйден шықпауды сұраймыз. Сыртқа шыққанда үнемі медициналық бетперде тағып, арақашықтық сақтап, антисептик қолданып жүрулеріңізді өтінеміз!

Одан өзге, кәсіпкерлер өзіне қарасты аумақтағы нысандарды демалыс күндерде, тұрғындар денсаулығы үшін және пандемияны сейілту мақсатында дезинфекция жасауға міндетті екенін ескерте отырып, әрдайым тазалықты сақтап, шарттарды орындауын сұраймыз.

Еліміздің болашағы сіздің қолыңызда

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *