
Елімізде күн санап коронавирусқа шалдыққандар саны көбейюде. Бұл ретте аурудың алдын алу мен оны ауыздықтау алдыңғы орында тұр. Осы мақсатта облыс орталығы Түркістан қаласында залалсыздандыру жұмыстары қарқын алды. Атап айтсақ шаһардағы көпқабатты тұрғын үйлердің аумақтарына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Кестеге сай жүргізілген бұл істер қала бойынша біршама аумақтар мен нысандарда залалсыздандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Осы орайда қала тұрғындарына құлаққағыс.
Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары!
Мүмкіндігінше көшеге шықпауға тырысыңыз. Ал, шыққан жағдайда барлық сақтық талаптарын орындаңыз. Мәселен, медициналық бетпердені тағуды естен шығармағаныңыз абзал. Адам көп шоғырланатын орындарда және қоғамдық көліктерде арақашықтықты сақтауларыңызды сұраймыз. Бұл сіз бенбірге тұрғындардың өмірі үшін маңызды.

Бұдан өзге, кәсіпкерлік нысандар да демалыс күндері қарасты аумақты тазарту және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге міндетті екенін естеріңізге саламыз.
Еліміздің болашағы Сіздің қолыңызда!