Түркістанда жұмыспен қамтылғандар жетерлік

Түркістанда жұмыспен қамтылғандар жетерлік

11 просмотров

Түркістанда жұмыспен қамтылғандар жетерлік

Әлемді алаңдатқан ауру кезінде жер жаһанда белең алып отырған тағы бір жағымсыз құбылыс жұмыссыздық деңгейінің өсуі болып табылады. Соңғы жылдары елімізде қолға алынған жобалар арқасында біздің елде бұл сынға әзірлік біршама жоғары болғандай. Сөзімізге дәлел ретінде 2021 жылдың І тоқсанындағы жұмыспен қамтылғандар санын айтсақ жеткілікті. Қасиетті Түркістан қаласының өзінде жарты жыл ішінде 59 632 азамат жұмыспен қамтылған. Түрленген рухани астанамыздың гүлдене түсуіне ат салысып, еңбек етіп жүрген азаматтар мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін толықтай пайдалана алып отыр. Бұл түсіндірме жұмыстарының да жоғары деңгейде өткізіліп жатырғанының көрсеткіші.

Қарт қаламызда жастар практикасымен 199, әлеуметтік жұмыспен 98, ақылы қоғамдық жұмыспен 1160, ал «Бизнес Бастау» шағын кәсіпкерлікті оқыту бағдарламасы арқылы кәсібін дөңгелетіп әкеткендер 99-ды құраған. Үкімет ұсынған бар жеңілдікті жеке жетістігі үшін пайдалана білген азаматтар саны алдағы уақыттарда да артарына сенеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.