ТҮРКІСТАНДА ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

17 просмотров

ТҮРКІСТАНДА ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Мақтанышым Түркістан» атты тақырыпта онлайн жас ақындар шығармалар байқауы жарияланды. Байқау нәтижесі тамыз айының 7-і жұлдызы күні сағат:12-00де turkistan_jro инстаграм Түркістан Жастар Ресурстық Орталығы фэйсбук әлеуметтік желілерінде белгілі болмақ.  Сайыс жеңімпаздардын онлайн түрде әділ-қазы алқалары анықтайды.

Сайысқа жас ақындар қатыса алады. Нақтылай түссек 14-29 жас аралығындағы кез-келген ақындық өнері бар жас қатысуына болады. Қатысушы Түркістан қаласының көрнекті орындарынан бір дана электронды суретін, төлқұжаттың көшірмесін, байқауға қатысуға өтінім, өзінің Түркістан қаласына арнап жазған шығармасын тамыз айының 5-ші жұлдызына дейін tur_jastar@mail.ru электронды почтасына сағат: 17-00-ге дейін жолдауы қажет.

Түлеген Түркістан қаласын жырға қосып жазып жеңімпаз атаныңыз. Қатысушылардың қадамы сәтті болып, асығы алшысынан түссін. Бабы мен бағы қатар шапқан шын жүйрік жеңімпаз атансын.

Толығырақ: 8747 963 64 64
Whatsapp:8705 973 58 10

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *