ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 7 ҚАБАТТЫ 24 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 7 ҚАБАТТЫ 24 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА

40 просмотров

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 7 ҚАБАТТЫ 24 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА

Облыс орталығы Түркістан қаласында ағымдағы жылдың аяғына дейін 7 қабатты 24 тұрғын, яғни, 1452 пәтер пайдалануға беріледі. Кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға және көпбалалы отбасыларға 450 пәтер берілсе, мемлекеттік қызметкерлерге 1000-нан астам кредиттік тұрғын үй тапсырылады деп күтілуде.

Айтып өтейік, бүгінде әкімшілік-іскерлік орталығында 7,9 және 12 қабатты 5600 пәтер, не 89 тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен салынуда.

Әкімшілік-іскерлік орталығында жапсарлас салынған үй жайлары мен паркингі бар заманауи зәулім үйлердің құрылысы биыл аяқталып, пайдалануға беріледі. Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының тапсырмасына сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеті тұтастай ашық түсті травертин мен ақ мәрмәрмен қапталуда.

Құрылыстың сапасы басшылық тарапынан әркез бақылауда екенін айтып өту керек. Бұл ретте Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы қарқыны үдей түскен құрылыс алаңдарын аралап, жұмысшылармен кездесті. Құрылыс барысын бақылап, мердігер компания жауаптыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Аймақ басшысы бекітілген кестеден ауытқымауды ескертті, және қажет болған жағдайда құрылыс алаңындағы жұмысшылар санын арттыруды тапсырды. Сапа – басты назарда. 

«Түркістан қаласының құрылысы мен сәулетінің сапасы өміршең де өзекті. Сондықтан бұл мәселе қатаң бақылауды қажет етеді. Сапада салғырттыққа жол бермейміз. Қалада сәулет өнерінің озық үлгілеріне айналар айтулы ғимараттар бой көтерген. Құрылыс ауқымы жоғары қарқынмен жүргізіліп жатыр. Ең бастысы, халыққа ыңғайлы, сапасы мінсіз болуы тиіс», – дейді облыс әкімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *