Түркістанда атаулы әлеуметтік көмек жыл басынан бері 9627 азаматқа көмек берілген

Түркістанда атаулы әлеуметтік көмек жыл басынан бері 9627 азаматқа көмек берілген

13 просмотров

Түркістанда атаулы әлеуметтік көмек жыл басынан бері 9627 азаматқа көмек берілген

Түркістан қаласында атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасылар саны артқан. 2021 жылдың жарты жылдық қортындысына сүйенсек бүгінге дейін жыл басынан бері 9627 азаматқа көмек берілген. Оның 7442-сіне шартты түрде, ал 2185 адамға шартсыз тұрғыда үлестірілген. Түркістан қаласындағы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» баяндады бұл жайында.

Қарт қаламыздағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға беріліп жатырған көмектің соңы емес бұл. Мәселен, әлеуметтік көмек алушы отбасының 1-6 жас аралығындағы 1892 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама тағайындалса, демеушілер есебінен аз қамтылған 1720 отбасыға азық-түлік себеттері берілген. Сондай-ақ, 100 отбасы 50 000 теңге көлемінде қаржылай көмек алған. Аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін қолдау бұнымен тоқтамақ емес.. Жоспарға сәйкес жыл соңына дейін тізімдегі отбасылардың жұмысқа қабілеттілерін жұмыспен қамту көзделіп отыр. Жұмыспен қамытылп үлгендер бүгінгі таңда 39,1 %- ға жеткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.