ТҮРКІСТАНДЫҚ ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

38 просмотров

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде жұмысымен ерекше көзге түскен бірқатар ұстаздар марапатталды. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Қуатбекұлы елімізде «Covid-19» вирусының таралуына байланысты жарияланған карантин уақытында талмай еңбек еткен мектеп мұғалімдерін қабылдап, ұстаздар қауымына алғысын білдірді.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

«Құрметті ұстаздар, сіздер карантин кезінде өздеріңіздің үздік іс-тәжірбиелеріңізбен біліктіліктеріңізді ұштастыра білдіңіздер. Төтенше жағдайға байланысты қабылданған білім беру әдісін меңгеріп, тиісті деңгейде атқарып шықтыңыздар. Осындай қысыл-таяң шақта аянбай күш-жігерлерін жұмсап, қызмет еткен барша ұстаздарға алғыс айтқым келеді», — деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, елде жариялан карантин кезінде ұстаздар мектеп оқу бағдарламасын телеарна арқылы және онлайн режимде оқытуға көшкен болатын. Осыған байланысты ұстаздардың көмегімен 100-ге жуық бейне сабақ пен онлайн оқытуға арналған әдістемелер дайындалды. Бүгінде осындай жұмыстарға атсалысып, марапатқа ие болған оқытушылардың арасында Н.Оңдасынов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Самат Мамбетов, С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Нұрбол Нұрлыбаев, №19 жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Ғалия Омарова, №9 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Ольга Аллашова, Н.Оңдасынов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының химия пәнінің мұғалімі Бекжан Хасанов, №9 Некрасов атындағы мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі — Лида Магамедқызы, №8 Н.Төреқұлов атындағы мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нигара Атаханова, №2 Хамза ат. мектептің тарих пәнінің мұғалімі Апсен Санжар, №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі — Әлия Әлиқызы, №7 жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Мұхтар Сартаев бар.Сонымен қатар, басқарма басшысы өңірдегі мектеп оқушыларының қашықтан білім алуына ақпараттық қолдау көрсеткен «Оңтүстік» телеранасының жүйелік администраторы Дидар Әубәкірұлына, компьютер графикасының дизайнері Мұқан Молдадосовқа, эфир-операторы Әмірбек Батырхан Ерсұлтанұлына алғыс білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *