ӘСКЕРИ ЕРІКТІЛЕР ӨРТТЕН 3 АЗАМАТТЫ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

ӘСКЕРИ ЕРІКТІЛЕР ӨРТТЕН 3 АЗАМАТТЫ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

31 просмотров

ӘСКЕРИ ЕРІКТІЛЕР ӨРТТЕН 3 АЗАМАТТЫ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Ефрейтор Журабеков Шахрух, Қатардағы жауынгер Жұманазаров Мақсат және Түркістан қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметкері, учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Мархабай Әділбек Ержігітұлы Түркістан қаласы,»Отырар» мөлтекауданындағы үйлердің біріненшыққан өрттен үш азаматты аман алып шыққан.

Бұл жігіттер небәрі екі күн бұрын ғана төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Түркістан облысында жасақталған аумақтық әскер қатарында қызмет етуге кіріскен.

Көпқабатты аулаларды аралап жүрген патруль қызметкерлері көмекке шақырған дауысты естиді. Көмекке жүгіріп барған әскерилер үйден шыққан өртке куә болып, ол жерден егде жастағы екі қария мен оның қызын құтқарған. Жедел-жәрдем шақырып, зардап шеккендерге медициналық қызмет көрсетуге атсалысқан. Қуанышқа орай, үй иелеріне зақым келмеген.

Белгілі болғандай, өрт газдағы қатты қызған майдан шыққан.

Әскери еріктілердің негізгі мақсаты — халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау және қамтамасыз ету. Атап өтейік, әскери жасақ қатарына ең үздіктер таңдалған. Олар бұрынғы десантшылар, мотоатқышлар, жауынгерлік және саяси дайықтық үздіктері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *