ТҮРКІСТАНДЫҚ ИМАМДАР ЕКІ АКЦИЯНЫ ҚАТАР ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ИМАМДАР ЕКІ АКЦИЯНЫ ҚАТАР ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

41 просмотров

ТҮРКІСТАНДЫҚ ИМАМДАР ЕКІ АКЦИЯНЫ ҚАТАР ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Қазіргі таңда елімізде республикалық “Біз біргеміз!” және “Жүрек жылу” акциялары өтіп жатқаны белгілі. Аталмыш қос бірдей қайырымдылық шарасына Түркістан қаласының мешіт имамдары мен жамағаттары өз үлесін қосты деп хабарлайды yassi.kz

ТҮРКІСТАНДЫҚ ИМАМДАР ЕКІ АКЦИЯНЫ ҚАТАР ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Тірегі мен тілегі бір жомарт жандар бірігіп карантин басталғалы көмек көрсетумен келеді. Атап айтсақ, акция аясында облыс орталығындағы “Н.Төреқұлов” мешітінде екі бірдей қайырымдылық шарасы өтті. “Жүрек жылуы” шеңберінде әлеуметтік көмекке мұқтаж, асыраушысынан айырылған 30 отбасыға азық-түлік, көкөніс берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша әр әлеуметтік пакетке 15 мың теңгеден жұмсалған. Мешіт имамы көмекті мұқтаж отбасылардың үйлеріне өзі апарып берді.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ИМАМДАР ЕКІ АКЦИЯНЫ ҚАТАР ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Сондай-ақ, “Біз біргеміз!” ұранымен имамдар Түркістан қаласының төрт қақпасында күндіз-түні жұмыс істеп тұрған блок-бекеттерге барып 200 адамға Наурыз көже мен бауырсақ таратты.

Игі іске ұйытқы болған мешіт имамы Мұхаммеджан Жұмаділлаев жақсылық жасауда жәрдемін аямаған жамағаттарға ризашылығын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *