ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ДЕМ БЕРДІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ДЕМ БЕРДІ

45 просмотров

ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ДЕМ БЕРДІ

Елдегі жағдай кім-кімді болсын алаңдатып отырғаны жасырын емес. Бұл ретте ақ халатты абзал жан дәрігерлердің еңбегі ерен. Күн мен түнге қарамай тер төгіп жатқан денсаулық сақшыларына Түркістан қаласының қоғамдық тамақтану орындары дем берді. «Ас адамның арқауы» деген мақалды ойға ойға алған рухани шаһардағы кәсіпкерлер бірлесіп облыс орталығында карантин режимінде жұмыс істеп жатқан дәрігерлерге кешкі ас таратты.

ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ДЕМ БЕРДІ

 Атап айтсақ, олардың қатарында, «Наурыз», «Damdi», «Аспан Ақсарай», «Малика», «Dauly Food», «NurHouse», «Ноши Мадоти», «Нилуфар», «Каратау 2», «Симсим», «Айкен», «Мо-Мо», «Биг-маг», «Алькаусар», «Мансар» сынды тамақтану орындары бар.

ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ДЕМ БЕРДІ


Түркістандық кәсіпкерлер күнделікті 100-ге жуық дәрігерге ыстық тамақ жеткізуде. Облыс орталығында орналасқан мейрамханалар мен кафе ұжымдары бірлесе ұйымдастырған шараға дәрігерлер қауымы ризашылықтарын білдіруде. Адам жанының арашасы болған жандарға және жомарт кәсіпкерлерге қала тұрғындары да дән риза. Ұйымдастырушылар аталған шара жалғасын таба беретінін жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *