ТҮРКІСТАНДЫҚ НАУҚАСТАР МЕЙІРБИКЕЛЕРДІ ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ НАУҚАСТАР МЕЙІРБИКЕЛЕРДІ ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

28 просмотров

ТҮРКІСТАНДЫҚ НАУҚАСТАР МЕЙІРБИКЕЛЕРДІ ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ


12 мамыр — Халықаралық мейірбикелер күні. Биыл ақ желекті абзал жандар айтулы күнді карантин режимінде өткізуде. Риясыз құрметке лайық жандарды науқастар құттықтап келіп жатыр.
Жетісай аудандық орталық ауруханасының медбикесі Баянсұлу Майлыбаева отбасын көрмегелі бір айдың жүзі болған. 30 жыл өмірін медицина саласына арнаған маман инфекциялық госпитальде тәулік бойы коронавируске шалдыққан науқастармен бірге.
«Мен үшін бір науқастың болса да ауруын жеңуге үлесім тисе, бұдан асқан марапат жоқ»,-дейді қауіпті індетпен күрес алаңында жүрген абзал жан.
Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов әр мейірбикеге құттықтау тілегін жеткізді. 25 жылдан астам жұмыс өтілі бар 120 орта буын қызметкерге құрмет грамотасы табысталды.
Жалпы, облыста 18 мыңнан астам орта буын медицина қызметкері бар. 10 мың медбике ауыл халқының саулығына жауапты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *