ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҒЫЛЫМҒА БЕТ БҰРАДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҒЫЛЫМҒА БЕТ БҰРАДЫ

36 просмотров

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҒЫЛЫМҒА БЕТ БҰРАДЫ

2019-2020 оқу жылында жалпы орта білім беретін мектептерді 1507 оқушы бітіреді. ҰБТ-ге 32 мектептегі 1150 (76,3%) бітіруші қатысады. Ал, «Алтын белгі» белгісіне 114, «Үздік аттестатқа» 46 оқушы үміткер.

ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш 15 сәуір — 10 мамыр аралығында ent2020.testcenter.kz сайтында онлайн режимде қабылданды. Сонымен қатар, 16 жасқа толмаған 88 оқушының дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді олардың заңды өкілдері беріп, дәстүрлі түрде құжаттары өткізіліп, өтініштері тіркелді.

2019-2020 жылдың IV-тоқсанда қашықтан оқыту барысында мектеп бітіруші түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуге testcenter.kz, itest.kz, daryn.online платформалары, Youtube каналы, Ontustik телеарнасы және онлайн дайындық орталықтары арқылы дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес Ұлттық бірыңғай тестілеу 2020 жылдың 20 маусым — 5 шілде аралығында өткізіледі.

Рашид Абатұлы алда есігі ашылатын «Оқушылар сарайында» астрономия, математика сынды мамандарды шығаратын ғылыми бағытты қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, қаладағы ҰБТ-дан орта балы төмен болған мектеп басшыларына лауазымдық қызметінен бір саты төмендету ұсынылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *