Түркістандық оқушылар төртінші тоқсандағы сабақты онлайн өтпек

Түркістандық оқушылар төртінші тоқсандағы сабақты онлайн өтпек

506 просмотров

Түркістандық оқушылар төртінші тоқсандағы сабақты онлайн өтпек


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде 1 айлық төтенше жағдай жариялап, барлық білім беру мекемелерінің жұмысы уақытша тоқтатылғаннан кейін Білім және ғылым министрлігінің нұсқауымен ұстаздар онлайн оқыту жүйесін қолға алған болатын. Дегенмен, бұдан бұрын мұндай жағдай болмағандықтан яғни осындай тәсілмен жұмыс жүргізілмегендіктен педагогтар арасында қиындықтар тудырғаны жасырын емес. Сондықтан қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің әрекет етуімен бірыңғай онлайн сабақ жүргізуге арналған Telegram арналары ашылуда. Қазіргі таңда ата-аналар мен оқушылардың WhatsApp мессенджерлеріндегі топтарына арнаға қосылу туралы нұсқаулықтар таратылып жатыр. Алдағы уақытта яғни төртінші тоқсан басталғаннан кейін әрбір сыныпқа яғни 1-ден 11-сыныпқа дейін онлайн сабақтар жүргізу басталатын болады. Онда арнайы таңдалған мұғалімдер сабақ жүргізсе, мектептегі мұғалімдері өз сыныптары бойынша ашқан WhatsApp мессенджерлеріндегі топтарында қосымша жұмыс жүргізіп, тапсырмалардың орындалуын қадағалап отырады.
Ескерту: тек Түркістан қаласында орналасқан мектептердің ұстаздары мен оқушылары төменде көрсетілген сілтеме арқылы Telegram қосымшасын жүктеп алып, тіркелуіне болады. Мысалы, баласы 11-сыныпта оқитын ата-ана немесе 11-сыныптың оқушысы тек 11-сыныптарға арналған сілтемеге тіркелуі қажет.
11-сынып https://t.me/joinchat/PyT5ORcXOoZAHqZWd5hS8Q
10-сынып https://t.me/joinchat/PyT5ORpxVSGeTBdOP6XvjA
9-сынып https://t.me/joinchat/PyT5ORXLsOclle1eAkUXPw
8-сынып https://t.me/joinchat/PyT5ORo1xhAQzrGfquyE5w
7-сынып https://t.me/joinchat/PyT5OR2tsc7yh8qK_4zxZQ
6-сынып https://t.me/joinchat/PyT5ORRzpqIlMUMywhLXOw
5-сынып https://t.me/joinchat/PyT5ORxUA8F7pcQepaYuSg
4-сынып https://t.me/joinchat/PyT5ORw2xRVFvyxwEtVEHA
3-сынып https://t.me/joinchat/PyT5ORgRBbw3d1XkymAoJQ
2-сынып https://t.me/joinchat/PyT5ORR1x8cYrWtuXKHdUA
1-сынып https://t.me/joinchat/PyT5ORnJS9bOSopEFWd4vw

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *