ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДА ОҚУЛЫҚ ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛМАЙДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДА ОҚУЛЫҚ ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛМАЙДЫ

15 просмотров

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДА ОҚУЛЫҚ ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛМАЙДЫ

Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов «Әліппенің» қайта оралатындығын жариялады. Бұл көпшіліктің көптен күткен жаңалығы болатын. Дегенмен, бұл биылғы жаңа оқу жылынан емес, келесі 2021 жылы іске асырылады. Қазіргі таңда «Әліппе» оқулығын қайта дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2021 оқу жылында бірінші сынып оқушылары «Сауат ашу» пәнінің орнына «Әліппе» мен «Ана тілін» оқитын болады. Оқу жылының бастапқы екі тоқсанында «Әліппенің» бағдарламасын оқыса, қалған екі тоқсанда «Ана тілі» пәнін оқиды. Сәйкесінше, орыс тілінде немесе басқа тілдерде білім алатын сыныптарда «Букварь» мен «Обучение грамоте» пәндері жүргізіледі. Сонымен қоса, Асхат Қанатұлы «Әліппе» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалып жатқанын тілге тиек етті.

Бізде оқулық тапшылығы болмайды. Елімізде оқулықпен мемлекет тегін қамтамасыз етеді. Жыл сайын оқу жылының алдында сараптама жасап, қажетті оқулықтарға тапсырыс береміз. Қыркүйек айына дейін оқулықтар түгел жеткізіліп, мектептерге таратылады. Биыл да осындай. 2016 жылдан бастап 1 сыныптан жаңартылған оқу бағдарламасына көштік. Енді биыл ең соңғы 11 сынып оқушылары осы бағдарламаға көшеді. Сондықтан биыл біз 11 сынып оқушыларын жаңа оқулықтармен қамтамасыз етіп жатырмыз. 2016 жылдан бері 1-ден 10 сыныпқа дейін 100 пайыз жаңартылған білім мазмұны бойынша оқулықтармен қамтамасыз еттік. Жоғарыда айтқанымдай, биылғы жылы 11 сынып оқулықтарына тапсырыс берілді. Тамыздың алғашқы аптасында оқулықтар қаламызға жеткізіледі деп отырмыз. Содан кейін біз мектептерімізге таратып беретін боламыз.

Ақмарал Батырбекова,

Түркістан қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *